Бас санитар дәрігер қаулысымен коронавирусқа қатысты шектеу шаралары күшейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Құжатта Қазақстанға шетелден келетін барлық адамдар 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшауланатыны көрсетілген. COVID-19 ауруының белгісі бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады.

Шекарадан өткен соң 5 күннен кешіктірілмей ПТР зертханалық тексеруде теріс нәтиже көрсеткен анықтамасы бар адам шет елден келген адам үйде (үй карантин) 14 тәулік бойы оқшауланады.

Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда карантиндік стационарда оқшаулау ұсынылады.

Алғашқы екі күнде COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы орган белгілеген үй-жайларда оқшаулау ұсынылады.

Қазақстанға шет елден келген дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме және халықаралық ұйымдар өкілдігінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері зертханалық тексеріледі және 14 тәулік бойы үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады.

Авиакомпаниялардың экипаждары, локомотив бригадаларының мүшелері қоңырау шалу арқылы (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауға жатады.

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, «Теңізшевройл» ЖШС объектілерінен демобилизацияланған адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін келген орны бойынша карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады, оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады.

Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері өңірдегі және әлемдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шет елдерден келген жолаушыларды карантиндеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық жолаушылар қатынастарын шектеуді қамтамасыз ету міндеттелген.

Өңірде коронавирус сырқаттанушылығы 7%-дан асатын деңгейде тіркелген жағдайда облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының аумақтарындағы шектеу іс-шаралары қолға алынады.

Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері өңірде COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7%-дан асатын деңгейде тіркелген жағдайда көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салады.

Сондай-ақ кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.), компьютер клубтары, Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларын дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар) қызметін тоқтатлады.

Өңірде COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7%-дан асатын деңгейде тіркелген жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 1) білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге көшіруге, оқушылардың экскурсиясына тыйым салуды қамтамасыз етеді.

Қаулының толық мәтінімен комитеттің сайтында танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар