Бас прокуратура: Алматы әкімдігін қорғаған қарусыз подполковникті азаптап өлтірген

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әкімдігін қорғап, зорлықпен өлтірілген қарусыз подполковниктің денесін қылмыскерлер өртеп жіберген. ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адамдардың қаза болу фактілері бойынша тергеу жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қазақтапқан 19 қызметтегі және болашақ офицерлердің қаза болу фактілері анықталды. Мәселен, Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын күзетуге қатысқан қарусыз әскери қызметші подполковник Хайыровтың өлімі кезінде ерекше цинизм көрініс тапты», - деді Елдос Қилымбаев.

Айтуынша, оның денесі ғимараттың төбесінен табылған.

«Тергеу көрсеткендей, зорлық-зомбылықпен өлгеннен кейін қылмыскерлер айғақтарды жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген. 39 жастағы әскери қызметшінің артында әйелі және кәмелетке толмаған 2 баласы қалды», -деді Бас прокуратура өкілі.


Соңғы жаңалықтар