Бас прокуратура әлеуметтік желілерде ұлтараздығын қоздыру фактілерін анықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар ақпараттарды тарату фактілері бар. Бұл туралы ҚазАқпарат Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, авторлар жазбаларында азаматтардың немесе жалпы этностың (ұлттың, халықтың) ұлттық ашуын әдейі қоздырады, ұлтқа немесе этникалық топқа тіл тигізеді.

Басқа ұлттың немесе әлеуметтік топтың өкілдеріне, оның ішінде олардың тілге деген көзқарасына тиісіп, физикалық зорлық-зомбылыққа тікелей шақырады.

«Бұл материалдардың авторларының кім екені әдеттегідей, құқық қорғау органдарының көмегімен анықталып, жауапқа тартылады. Олар райынан қайтып, көпшілік алдында кешірім сұрайды. Алайда бұлай жасау оларды ешқандай да жауапкершіліктен босатпайды.Олардың БАҚ немесе әлеуметтік желілерді пайдаланып, айтқан сөздері мен мәлімделемелері Конституцияда тыйым салынанған және Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ал егер келтірген залалдың салдары ауыр болса, 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бұл құқық бұзушылық экстремистік қылмыс санатына жатады (ҚК-тің 3-бабы)»,- делінген хабарламада.

Жалпы, 2019 жылдан қазіргі кезге дейін соттар ұлтаралық араздықты қоздырған 21 тұлғаға қатысты үкім шығарған.

Бас прокуратура азаматтарды және БАҚ өкілдерін аңдамай ұлтараздығын қоздыратын мәлімдемелерден аулақ болуға және мұндай материалдарды таратпауға шақырды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі


Соңғы жаңалықтар