+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Бас мүфти «Biz_birgemiz» атты қайырымдылық керуеніне қатысты

2020 жылғы 22 наурыз 20:34
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елорда имамдарымен бірге «Biz_birgemiz» атты қайырымдылық керуеніне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ТЖ режімін бұзған 14 жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды Қазақстандағы коронавирус бойынша 4 сәуірдің 22.45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай Алматыда коронавирустың 31 ошағы белгіленген

Діни басқарманың мәліметінше, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осынау қиын сәтте елге қайырымдылық бағытта үлес қосайық деген үндеуіне Әзірет Сұлтан мешіті мен Астана жастары еріктілер тобы да үн қосып отыр.

«Қайырымдылық шараны батамен ашқан Бас мүфти сын сағатта көпшілікті үлгі болуға шақырып, еріктілердің еңбегіне ризашылығын білдірді. Осылайша, Наурызбай қажы Тағанұлы өзі бастап, бөлінген азық-түлікті мұқтаж отбасыларға табыстап Наурыз мерекесімен құттықтады. Өз кезегінде қажетті азық-түлікке қол жеткізген жандар алғысын жаудырып жатты», - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетейік, мұндай игі шара коронавирусқа байланысты карантин жарияланған еліміздің екі ірі қаласында жалғасып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT