«Барыс» хоккей клубының жаттығу жиыны кейінге шегерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубы маусым алдында жоспарланған жаттығу жиынын кейінге шегерді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ересектер мен қатар жастар құрамасының да жаттығуы ауыстырылады.

Елде екі апталық карантин режимі жарияланғандықтан хоккейшілер жаттығуға карантиннен кейін қосылады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап қатаң карантин режимі жарияланды. Кеше мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.

Соңғы жаңалықтар