«Барыс» - «Авангард» матчында 700-ден астам ойыншық жиналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық команда үшін 2016 жылғы өз алаңында болған соңғы «Барыс» - «Авангард» (3:1) матчы аясында «ойыншық түсу» дәстүрлі қайырымдылық акциясы өтті, деп жазады Sports.kz.

Жанкүйерлер аренаны ойыншықтарға толтырды. Олардың жалпы саны - 763-ке жеткені белгілі болды. Жуық арада жұмсақ ойыншықтар Астана мен Алматы облыстарының балалар мекемелеріне үлестіріледі. Ойыншықтардың сатылымынан түскен қаржы қайырымдылық қорларына аударылады.

 

Соңғы жаңалықтар