«Барыс-Арена» - хоккейден Әлем чемпионаты өтетін мұз айдыны

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Барыс-Аренаны» хоккей жанкүйерлерінің бәрі біледі. Алайда оның ресми атауы олай емес екенін біреуі білсе, біреуі білмес. Сосын жаңа нысанда бір емес, екі бірдей мұз айдыны, сондай-ақ, Олимпиада талаптарына толығымен сай келетін бассейн де бар. Ондай бассейін Орталық Азияда біреу ғана. ҚазАқпарат тілшісі «Астана ғимараттары» атты арнайы жоба аясында «Барыс-Аренаны» аралап, осы жерде болған маңызды оқиғаларды еске алды. Дамир Рыспаевтың үздік жекпе-жектері де назардан тыс қалмады.

Ашығын айту керек, астаналық xоккей клубы болмағанда жаңа мұз айдыны салынбайтын еді. «Барыс» командасы Құрлықтық xоккей лигасына кіргеннен кейін біраз уақыт «Қазақстан» спорт сарайында өнер көрсетті. Алайда 2011 жылы лига басшылығы аталған ғимаратты ұйымның теxникалық регламентіне сай емес деп таныды. Сол кезде сарапшы мамандар бұрынғы алаңнан 37 (!) кемшілік тапты. Осыдан кейін жаңа мұз айдынын салу туралы шешім қабылданды. Бірақ «Барыс-Аренаның» бастапқы эскизі мүлдем басқа еді. Бір емес, бірнеше жоба болды.

nullnullnull 

Сол кезде сәулетшілер арасында біраз пікірталас болды. Содан ғимараттың жоспарын түбегейлі өзгертуге тура келді. 2012 жылы құрылыс жұмыстары басталып, үш жылдан кейін жаңа мұз айдыны пайдалануға берілді. Негізі, барлық құрылыс жұмыстары екі жылдың ішінде бітеді деген жоспар болған. Бірақ эскиздің өзгеруіне байланысты тағы бір жыл күтуге тура келді. Нәтижесінде Астананың футуристік сәулетіне сай келетін xай-тек үлгісінде тағы бір тамаша нысан бой көтерді. Ғимараттың сырты шайбаға ұқсайды.

null 

Ал іші барлық халықаралық талаптарға сай жабдықталды. Төбедегі куб, айналадағы лед-экрандар, комментаторлық бөлмелер, баспасөз орталығы - бәрі-бәрі кең әрі ыңғайлы. Төбедегі дәмханада отырып, хоккей матчтарын көруге болады. «Мысалы, бұрынғы «Қазақстан» спорт кешенінде барлық орындықтар пластмассадан жасалған. Оған отырғанда кәдімгідей тоңып отырасын. Мұз болғаннан кейін залдың өзі де салқын ғой. Ал жаңа аренада жанкүйерлердің орындықтары матадан тігілген, жұмсақ әрі жылы», - дейді Астана қаласының тұрғыны Қайырбек Жұматаев.

null null null null 

Жаңа арена ҚР Президенті кубогы қарсаңында ашылған болатын. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келіп, мұз айдынын көріп кетті. Сол кезде Мемлекет басшысына «Барыс» хоккей клубының формасы да табысталды.

null

null Ертесінде өткен алғашқы матчта астаналық хоккейшілер Новокузнецк қаласының «Металлург» командасын 4:2 есебімен жеңді.

Әлбетте, Новокузнецк қаласының «Металлургын» магнитогорлық «Металлург» командасымен салыстыруға болмайды. «Магнитканы» ондай есеппен жеңу қиын. Дегенмен, Құрлықтық хоккей лигасының кезекті мауысымы ашылғанда «Барыс» сол кездегі Гагарин кубогының иегері - «СКА» клубын 4:2 есебімен тізе бүктірді.

«Барыс» хоккей клубы жаңа аренада үш маусым өткізді. Осы уақыттың ішінде қызықты да тартысты ойындар көп болды. Хоккей жанкүйерлері арасында команданың қорғаушысы Дамир Рыспаев та кеңінен таныла бастады. Оның Евгений Артюхинге қарсы жекпе-жегі «Жылдың үздік төбелесі» атанды.

null

Өткен жылы ҚХЛ Дамир Рыспаевқа қатысты дисквалификацияны алып тастады. Биыл мамыр айында ол «Барыс» хоккей клубымен арадағы келісімшартқа қол қойды. Демек, алдағы маусымда біз астаналық команданың сапында Дамирді көре аламыз. Сөз жоқ, команданың жеңіске деген жігерін қайрап, үздік ойыншыларды қорғау үшін ондай жігіттер керек.

null 

Негізі, «Барыс» хоккей клубында жас ойыншыларды тәрбиелеу жұмысына да үлкен басымдық беріледі. Жаңа аренада балалар мен жасөспірімдерге арналған мектеп бар. Олар үшін бөлек мұз айдыны да салынған.

null 

Ал «С» блогында Орталық Азия аумағы бойынша бірегей жүзу бассейні бар. Ол жерде халықаралық жарыстарды өткізуге әбден болады. «Олимпиадалық бассейн Халықаралық жүзу федерациясының (FINA) барлық талаптарына сай келеді. Ұзындығы - 50 метр, ені - 25 метр. Он жолақ бар. Ал екінші жағында секіру мұнаралары мен трамплиндері бар тағы бір бассейн орналасқан. Осының бәрі арқасында жүзу, суға секіру, синхронды жүзу мен су полосынан халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік беріп отыр», - дейді қызметкерлер.

null null null 

Айтпақшы, жаңа спорт кешенін халық арасында «Барыс-Арена» деп атап кетсе де, оның ресми атауы әлі бекітілмеген. Әзірше, барлық құжаттарда «көпфункционалды спорт кешені» деп жазылады. Жақын арада ресми атауы бекітіледі деген жоспар бар.

null 

Дегенмен, жаңа аренаның қазіргі атауы да өзіне сай. Себебі ол жерде хоккей жарыстарынан бөлек, баскетбол, аралас жекпе-жектер және тағы басқа мәдени-спорттық шаралар өтіп тұрады. Мәселен, Қазақ хандығының 550 жылдығы «Барыс-Аренада» тойланды. Бұдан бөлек, «Номадтар шайқасы - 7» жекпе-жектер жарысы өтті. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен де жаңа мұз айдынында өз шоуларын өткізіп тұрады. Алдағы үлкен шаралардың бірі - хоккейден Әлем чемпионаты.

null 

Жақында Қазақстан алғаш рет «А» тобы бойынша чемпионатты өз жерінде өткізуге мүмкіндік алды. Аталған спорт додасы келесі жылы ұйымдастырылады. Оған Беларусь, Оңтүстік Корея, Венгрия, Словения мен Литваның хоккейшілері келеді. Жеңімпаз команда элиталық дивизионға жолдама алады. Сондықтан «Барыс-Аренада» әлі қызықты әрі тартысты матчтардың куәгері боламыз деген сенім мол.      

Соңғы жаңалықтар