Барнауылда Павлодар облысының мәдени күндері өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барнауылда Павлодар облысының мәдени күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА РФ-тегі ҚР Елшілігіне сілтеме жасап.

Іс-шара 2017 жылы Павлодар облысы мәдениет, архив және құжаттама басқармасы мен Алтай өлкесі мәдениет және архив істері басқармасы арасында қол қойылған келісім аясында өтуде.

Алтай мемлекеттік өлкетану музейінде «Ұлы Дала мұрасы» көрмесі ұйымдастырылды.

Экспозицияда Павлодар облыстық музейінің алғашқы директоры және негізін қалаушы Дмитрий Багаевтың елу шақты жұмысы қойылған. Ол суреттерде XX ғасырдың басындағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен өмірі, бұрынғы Павлодардың көрінісі, Ертіс пен Баянауыл тауларының табиғаты бейнеленген.

Бүгін кешкісін Барнауылдағы «Сібір» концерт залының негізгі сахнасында Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармония әртістерінің мерекелік бағдарламасы көрсетіледі. 

Соңғы жаңалықтар