Барлық мемлекеттік стандарттар Қазақстан аумағында ақысыз жүзеге асырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні барлық мемлекеттік стандарттар Қазақстан аумағында ақысыз жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың жаңалығы - осы. Бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 шілдеде жаңа редакцияда қабылданған «Техникалық реттеу туралы» заң күшіне енеді. Сауда және интеграция министрлігі 52-ден астам нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде 11 мемлекеттік бақылау актілерін, 21 техникалық реттеу туралы актілерді, сертификаттау және аккредиттеу саласындағы 9 нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ метрология және мемлекеттік қызметтер туралы тағы 11 нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде», - деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, бұл құқықтық актілер аккредиттеу процедураларын жетілдіру мәселелеріне де қатысты. Атап айтқанда, қауіпті өнімдердің сынамаларын іріктеу, өнімдерді шығару және кері шақырып алу тетіктерін реттеу, нарықтық қадағалау институтын енгізу, сондай-ақ бақылау мен қадағалау процестерін цифрландыру тәжірибесін жүргізу қажет болады.

«Осы тапсырма аясында 2021 жылы қауіпті өнімдердің тізілімін Еуропаның RAPEX жүйесімен ұқсастығы бойынша енгізу, электронды қауіпсіз басқару жүйесін енгізу және стандарттардың жаңа интернет-дүкенін іске қосу жоспарлануда. Бүгінгі күні барлық мемлекеттік стандарттар Қазақстан аумағында ақысыз енгізілуде, бұл - осы жылдың жаңалығы», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар