«Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» жанымыз ашитын уақыт туды - Амантай Құдабаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» жанымыз ашитын уақыт туды. Мұндай пікірді Қазақстан халқы Ассамблеясы Павлодар облыстық ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Амантай Құдабаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі ҚР Президентінің еліміздегі жағдай туралы айтқан сөздерін толық қабылдаймыз. Әсіресе, әрбір азаматтың өзін-өзі сақтауы және отбасын қорғауы өте қажет екенін баса айтты. Қазір «бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»жанымыз ашитын уақыт туды. Елдің басын біріктіріп, мемлекет жариялап отырған карантиндік нормаларды орындауымыз қажет. Сонда ғана осы індеттен аман есен шыға аламыз. Бәріміз осы жолда ыждаһаттылық пен табандылық танытайық, ағайын», - деді Амантай Құдабаев.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасап, онда 13 шілде күні Ұлттық аза тұту күні деп жарияланатындығын айтқан еді.


Фото: ankpvl.kz
Соңғы жаңалықтар