Бәрі де заңды жолмен реттелуі керек – заңгер

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бәрі де заңды жолмен реттелуі керек. Бұл туралы Оралда бейбіт жиындар туралы заң жобасын талқылауға қатысқан Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті ЖОО-дан кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Талғат Рахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, аталмыш заң жобасы халық арасында кеңінен талқыға түсіп, ұсыныс-пікірлердің ескерілгені маңызды.

Бұрынғы заңға қарағанда, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындар, шеру, пикеттер, демонстрациялық жиналыстарды өткізу мен ұйымдастыру тәртібі туралы» заң жобасы азаматтардың өз құқықтарын молынан пайдалануға мүмкіндік береді.

«Заң жобасында демократия көптен орныққан шет елдердің тәжірибесі ескерілген. Осы орайда менің айтарым, бейбіт жиынды ұйымдастырушылар өз жауапкершілігін ұмытпауы тиіс. Мысалы, кейбір елдерде митингілер бейбіт басталып, соңы үйлерді қиратып, автокөліктерді өртеуге ұласып жатады. Мұндайға жол беруге болмайды. Ең бастысы, заң бірінші орында тұруы керек. Мен, тұтастай алғанда, заң жобасын қолдаймын», деді Талғат Рахметов.


Соңғы жаңалықтар