Банктердің меншікті капиталын есептеуге қойылатын талаптар жеңілдеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Банктердің меншікті капиталын есептеуге қойылатын талаптар жеңілдейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін бизнесті кредиттеуге бағыттау жөнінде шара қабылдауды тапсырды. Кәсіпкерлерді кредиттеуді ынталандыру үшін агенттік осыған дейін банктердің капиталы мен өтімділігін босату мақсатында реттеуді уақытша әлсіретті. Атап айтқанда, 30 қыркүйекке дейін шағын және орта бизнес кредиттері мен синдикатталған кредиттер бойынша сараланған тәуекелді азайту есебінен банктердің меншікті капиталын есептеуге қойылатын талаптар жеңілдеді. 2021 жылғы 1 шілдеге дейін екінші деңгейдегі банктер капиталының консервациялық буферіне қойылатын талап 1 пайыздық тармаққа төмендетілді. Банктер өтімділігінің коэффициенті бойынша талаптар жеңілдеді», - деді агенттік төрайымы.

Оның атап өтуінше, бұл банктердің 468 млрд теңге мөлшеріндегі капиталын және 1,8 трлн теңге мөлшеріндегі өтімділігін босатуға мүмкіндік берді.

«Экономиканы кредиттеуді ынталандыру үшін агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп, қосымша шараларды, оның ішінде пруденциялық реттеудің уақытша шараларын ұзарту бойынша шараларды әзірлейді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар