Банк секторынан жаппай депозитін алып кету фактілері болған жоқ - Ұлттық банк

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Банк секторынан депозиттердің әкетілуі болған жоқ. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін салымшылардың қаражатын сақтау - Ұлттық банктің басты басымдығы. Белгісіздіктің жоғары болуына қарамастан, қаңтардың басындағы қиын күндерде банк секторынан депозиттердің әкетілуі болған жоқ. Мысал ретінде келтірсек, осы жылдың басынан бастап жеке тұлғалардың салымдары 13,5 трлн теңгеге дейін (32 млрд теңгеге) өсті. Мемлекет қолданыстағы заңнамаға сәйкес халық салымдарының сақталуын қамтамасыз ететінін растағым келеді», - деді ол Президенттің бизнес өкілдерімен кездесуінде.

Ерболат Досаевтың айтуынша, салымшылардың сенімін арттыру үшін олардың ақшасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша қосымша шара ретінде жинақ депозиттерге кепілдік беру сомасы 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін өсірілді.

«Бұл норма 2021 жылғы желтоқсанда сіз қол қойған заңға сәйкес осы жылғы 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар