Бангладеште пойыздардың соқтығысуынан 12 адам қаза тапты

None
None
ДАККА. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Бангладеште пойыздардың бетпе-бет соқтығысуынан кем дегенде 12 адам қаза тауып, 28-і жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Daily Star-ға сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті уақытпен таңғы сағат 3:00 шамасында ел астанасы Даккадан 109 шақырым қашықтықта — Мондобхаг теміржол стансасында болған.

Пойыздардың бірі станцияда қозғалыс бағытын өзгерткен кезде болған апаттан кем дегенде 12 жолаушы қаза тапты.

Пойыздың екі вагоны соқтығыс салдарынан қатты зақымдалған.

Қазіргі уақытта вагондардан сегіз мәйіт табылды. Құтқару операциясы жалғасып жатыр. Қаза тапқандар саны көбеюі мүмкін, себебі көптеген адам мыжылып қалған вагонның ішінде жатыр. Мерт болғандардың жеке басын бірден анықтау мүмкін болмаған.

Апаттан кейін осы учаскедегі теміржол бағыты тоқтатылды.

Автор:

Татьяна Кудренок

Соңғы жаңалықтар