Бангладеште қайық баржамен соқтығысып, 25 адам мерт болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бангладештің орталық бөлігіндегі өзенде қайық пен баржа соқтығысып, салдарынан 25 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agence France-Presse-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Шибчар қаласының маңындағы Падма өзенінде болған.

«Біз бес адамды құтқарып, 25 адамның денесін таптық», - деді Жергілікті полиция бастығы Мираз Хоссейн.

Ал Reuters агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандар саны 26-ға жеткен. Полицияның тағы бір өкілі өрт сөндірушілер мен жергілікті тұрғындар құтқару жұмыстарын жалғастырып жатқандығын, өйткені бірнеше адамның хабар-ошарсыз кеткенін айтты.


Соңғы жаңалықтар