Бангладеште қайық апатқа ұшырап, 17 адам опат болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бангладештің солтүстік-шығысында Нетрокон округінде моторлы жолаушылар қайығы апатқа ұшырап, 17 адам қаза тапты. Бұл туралы сәрсенбі күні Bangladesh news – 24 порталы хабарлады.

Оның мәліметінше, бортта 48 адам болған. 30 жолаушы аман қалған, тағы бірі із-түзсіз жоғалып кеткен.

Оқиға орнына құтқарушылар келді. Келеңсіз жағдайдың себеп- салдары анықталып жатыр.



Фото: ТАСС
Соңғы жаңалықтар