Балық аулау маусымы басталғалы 12 адам суға батып кетті - ТЖМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Балықшылардың су айдынында қаза болу жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

Аң және балық аулау маусымы басталғаннан бері (1 қазан-22 қараша) елдің су айдындарында 12 адам, оның ішінде 1 бала қаза тапты.

Балық аулау кезінде ереже сақтамаған 11 адам қаза тапты және ересек адамдардың қарауынсыз қалған 1 бала абайсызда суға құлап, батып кетті.

Биыл қаза болғандар Ақмола, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында тіркелді.

Мәселен, өткен күз-қыс маусымында (2019 жылғы 1 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 наурызға дейін) еліміздің су айдындарында 37 адам (оның ішінде 10 бала) көз жұмған .

Жазатайым оқиғаның негізгі себептері:

- 19 адам балық аулау кезінде (жағалаудан немесе қайықтан) суға құлаған;

- 7 адам балық аулау кезінде мұз астына түсіп кеткен;

- ойнап жүріп 8 бала мұз астына түсіп кеткен, 2 бала суға құлаған;

- 1 адам мұз өткелі арқылы өтіп бара жатқанда құлаған.

Аумақ бойынша алып қарасақ, қаза болғандар Ақмола, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласында тіркелді.

Қыс мезгілінде су айдынында қатаң сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелері:

- тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінген кезде мұзға шықпаңыз;

- мұздың жұқа және қатпаған жеріне шықпаңыз;

- мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға болмайды;

- мұздағы шұңқырларға, жарықтарға, ойықтарға жақындамаңыз;

- автомобильмен өткелден тыс жерге шықпаңыз.


Соңғы жаңалықтар