Балкон жиегінде тұрған экстрамал жұртты шошытты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы тұрғын-үй кешендерінің бірінде балконның жиегінде тұрған адамның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазба «Гауһартас» тұрғын үй кешенінде түсірілген


Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі, бұл факт бойынша «102» пультіне және аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне ешқандай хабарлама түспегенін айтты.

«Қазіргі уақытта оқиға орнына Бостандық аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы шықты, ол тексеру шараларын жүргізіп, экстрамалдың жеке басын анықтайтын болады. Онымен бірінші кезекте құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мән-жәйді анықтаймыз «, - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Соңғы жаңалықтар