Балқашта орталықтандырылған жылу бойынша мәселе шешілуде

None
None
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Балқаш қаласында құрылысшылар жаңа жылу құбырын төсеуге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Магистральді желі Жылу электр орталығынан «Қоңырат» шағын ауданына дейін өтеді. Бұл тұрғындардың көп жылғы проблемасын шешуге мүмкіндік береді. 170-тен астам үй сапалы жылумен қамтылатын болады.

Жоба екі жылға есептелген. Алайда, мердігер ұйым нысанды 2020 жылдың соңына қарай тапсыруға уәде беріп отыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін орталық жылыту жүйесіне Жұмысшы кенті, 64-ші орам және ішінара Балқаш станциясы қосыла алады.

Мердігер ұйымның директоры Арам Хачатрянның айтуынша, осы аптада құбырлар жеткізіледі. Барлық қажетті материалдар жергілікті базада жасалады.

«Бізде жылу қуаты жеткілікті. Тұтынушыларды тиісті жылумен қамтамасыз етеміз», - дейді Балқаш ЖЭО директоры Николай Ижик.

Қазіргі уақытта магистральді желі құрылысына 50-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды. Мамандарды қабылдау жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар