Балқашта көпбалалы отбасылар үшін экоүйлер салынады

None
None
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Балқаш қаласында көпбалалы отбасылар үшін экоүйлер салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоңырат» шағынауданында энергия үнемдейтін 10 экоүйдің құрылысы үшін жер телімін дайындау жүруде. Келесі аптада құрылыс жұмыстары басталады. Мұндағы пәтерлерді халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын балқаштықтар алады.

Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков «Жылы үйлер фабрикасы» компаниясымен меморандумға қол қойды. Қарағандылық инвесторлар шешілмейтін қалыптан тұрғын үй салады. Мұндай құрылыс сенімділікпен, үнемділікпен және бүкіл құрылымды салудың қарапайымдылығымен сипатталады.

200 шаршы метрге жуық бір ғимарат екі отбасына бөлінеді. Олар су, кәріз және орталық жылу жүйелеріне қосылады, қоршаулар қойылады. Инвестордың айтуынша, Балқаш көшесіндегі экоүй күздің соңында пайдалануға беріледі. Мұндай тұрғын үй Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда бар.

Бүгінде тұрғын үй кезегінде 1 500-ден астам балқаштық тұр. Баспана мәселесін шешу үшін қала басшылығы жеке құрылыс салушыларды белсенді түрде жұмылдыруда. 2021 жылға инвесторлармен алты меморандум жасалды. «Қоңырат» шағынауданынан басқа, құрылыс 10-шы шағынаудан мен Шашубайда жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар