+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Балқаш көлінде мұз бөлініп, үстіндегі 4 балықшыны ағызып әкеткен

2019 жылғы 7 желтоқсан 14:55
Бөлісіңіз:
Балқаш көлінде мұз бөлініп, үстіндегі 4 балықшыны ағызып әкеткен

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Төтеншеліктер Балқаш көлінде жылжып кеткен мұз үстінен төрт балықшыны құтқарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері қар құрсауынан 117 адамды құтқарды Сарыағашта көліктері бұзылып, жолда қалған ресейліктер құтқарылды Елордада кәмелетке толмаған қыз көз жұмды

6 желтоқсан күні сағат 14:07-де Ақөлең ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде Балқаш көлінде мұз құрсауынан 4 адам құтқарылды. Мұз бөлініп, оның үстіндегі балықшылар ашық көлге кетіп қалған.

Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің жедел тобы шықты. Зардап шеккендермен телефон байланысы ұдайы жүргізіліп отырды.

Адамдар отырған мұз жағадан шамамен 10 шақырым қашықтыққа кетіп қалған.

Қатты толқынға қарамастан, құтқарушылар қысқа уақыт ішінде «Хивус» аэрокөлігімен балықшыларды тауып, 17:35-те оларды жағаға жеткізді.

Құтқарушылар қыс кезінде су қоймасында қауіп-қатер артатынын ескертеді. Су айдынындағы мұз үстімен жаяу жүру де, көлікпен жүру де өте қауіпті. Түнгі уақытта балық аулауға және аң аулауға жол берілмейді. Боранды күндері суға шығуға тыйым салынады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT