+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

«Балқаш» әуе айлағы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

2020 жылғы 22 қаңтар 22:45
Бөлісіңіз:
«Балқаш» әуе айлағы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Балқаш» әскери әуе айлағы енді кез келген жойғыш, бомбалаушы, әскери-көлік авиациясы сынды ұшу аппараттарының, сонымен қатар, Boeing және Airbus түріндегі ауыр салмақты тікұшақтары қонып, ұшатын болады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Әуе айлағы пайдалануға берген сәттен 52 жылдан соң жөндеуден өткен. Алғаш рет 52 жыл ішінде әуе айлағында күрделі жөндеу жүргізілді, ол 2 жылға созылды.

Әуе айлағы 1967 жылы көлемі шағын ұшақтарды қабылдау үшін салынған.

Ұшу-қону жолағы мен әуе айлағының инфрақұрылым нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін қону жолағына, ұшуға дейінгі жолдарға, орталық жанар-жағармай және ұшу аппараттарының тұрағына, алаң орындарына бетон жабындары төселген. Жанар-жағармай материалдарының жаңа қоймасы салынып, жоғары қарқынды жарық беретін жабдықтар, жеке жанармай қондырғылары орнатылды.

Күрделі жөндеу жұмыстары мен қайта құрудан кейін әуе айлағында жауынгерлік кезекшілікті атқару қалпына келтіріліп, ұшу кезіндегі қауіпсіздік айтарлықтай жетілдірілген.

«Әуе қорғанысы күштеріне кез келген уақытта елдің әуе шептерін қорғауға дайын және қабілетті болу туралы жауынгерлік міндет жүктелген. Даярлықтың негізгі факторларының бірі әскери қызметшілердің қазіргі заманғы жауынгерлік авиациялық техниканы сапалы игеру және ұшу шеберлігін арттыру бойынша қызметі болып табылады», - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әуе айлағының ашылуында.

Қайта ашылған «Балқаш» әуе айлағы ҚР ҚК әуе күштерін жұмылдыруды қамтамасыз ету, күш пен құралдарды ауыстыру үшін маңызға ие. Өзінің орналасуының арқасында азаматтық әуе кемелері үшін қосалқы немесе резервтік әуе айлағы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты курсанттарының ұшу тәжірибесін жүзеге асыру қайта қалпына келтіру жоспарлануда.

Күрделі жөндеу кезінде ұшу және инженерлік-техникалық құрам Алматы облысының «Жетіген» әуеайлағына орналастырылды.

Күрделі жөндеу кезінде ұшу және инженерлік-техникалық құрам Алматы облысының «Жетіген» әуеайлағына көшірілді. Қазіргі уақытта қайта көшірілген жеке құрам «Балқаш» аэродромына тұрақты орналасу пунктіне оралды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT