+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Баландин Испания ашық біріншілігінің абсолютті чемпионы атанды

2018 жылғы 12 сәуір 10:36
Бөлісіңіз:
Баландин Испания ашық біріншілігінің абсолютті чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малага қаласында өтіп жатқан Испания ашық чемпионатының соңғы күні суда жүзуден Қазақстан құрамасы тағы үш марапатқа ие болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин үшінші алтын медалін қанжығасына байлады. Бұл жолы брасспен 100 метр қашықтықта жарысқа шықты.

Бұдан бұрын, ол 200 және 50 метрге жүзуден үздік нәтиже көрсетті. Осылайша, брасспен жүзуден барлық алтын медальдарды иеленді.

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан рекордшысы Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Әділ Қасқабай тағы бір «қола» сыйлады. Ол 50 метрге еркін стильмен спринтте көзге түсті.

Айта кетейік, қазақстандық жүзушілер Малагадағы турнирде барлығы сегіз медаль иеленді - үш алтын, үш күміс және екі қола.

Испанияда үздік нәтижені Олимпиада чемпионы Мирела Бельмонте көрсетті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT