Баландин Бейжіңдегі Champions Swim Series туринрінің 2-кезеңінде 4-орын алды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Дмитрий Баландин Бейжіңде өтіп жатқан Champions Swim Series - Халықаралық жүзу федерациясы турнирінің екінші кезеңде 200 метрге брасс әдісімен жүзуден төртінші орын алды. Қазақстан спортшысының аралықты жүзіп өту уақыты 2:12.36 болды, деп хабарлады ҚазАқпараттың Қытайдағы арнаулы тілшісі оқиға орнынан.

Бұл жарыста ара қашықтықты 2.08.40-та жүзіп өткен 2017 және 2019 жылдардағы әлем чемпионатының қола жүлдегері жапондық Ватанабэ Иппэй жеңімпаз атанды. Күміс жүлде 100 және 200 метрде брасс әдісмен жүзуден өткен жылғы Еуропа чемпионы нидерландтық Арно Каммингаға бұйырды. Ал қола медальді 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері америкалық Джон Прено жеңіп алды.

Естеріңізде болса, Дмитрий Баландин Оңтүстік Кореяның Шэньчжэн қаласында өткен жарыста бұл қашықтықты 2:13:58 көрсеткіші бойынша бағындырған болатын.

Жарыстан кейін «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне сұхбат берген 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин 200 метрге жүзу нәтижесіне қатысты пікір білдіріп, «барлығы жеткілікті болғанын, уақытын жақсартқанын» баса айтты.

«Сырқаттан кейін жүзу біршама ауырға соқты және бұрылыста екі рет қателік жіберіп алдым», - деді қазақстандық жүзгіш.

Бұған дейін қазақстандық Дмитрий Баландин Қытай астанасы - Бейжің қаласында өтіп жатқан Champion Swim Series турнирінің екінші жарыс күнінде брасс әдісімен 100 метрге жүзуде үшінші орын алғанын хабарлаған едік.

Бейжіңнің Champions Swim Series кезеңінің жалпы сыйлық қоры 900 мың долларды құрайды. Бірінші орын алған адам 10 мың доллар, екінші орын 8 мың доллар, үшінші орын алған адам 6 мың доллар алады. Осыған дейін Д.Баландин Шэньчжэньде (Оңтүстік Қытай) жүзуден өткен халықаралық жарыс сериясының бірінші кезеңінде екі «қола» жеңіп алған.

Халықаралық жүзу федерациясы Champions Swim Series жарысын 2019 жылы бекітті. Бұл жарысқа Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары және рекордшылар сияқты ең үздік деген спортшылар өнер көрсетеді. FINA-ның қолдауымен жыл сайын осындай 2-3 жарыс өтеді. Өткен жылы жарыстар Гуанчжоу, Будапешт пен Индианаполисте өтті. Бұл жарыстардың финалистері мен қатысушыларына әлемдік рейтингте ұпай қосылады.


Соңғы жаңалықтар