Балаларын демалысқа басқа өңірлерге апаратын елордалықтарға ескерту жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі мен шектеу шаралары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, Қазақстанда төтенше жағдай режимі тоқтатылғанына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі мен шектеу шаралары жалғасуда. Бұл шаралар эпидемиологиялық жағдай толықтай тұрақтанғанша, яғни, қала тұрғындары арасында COVID-19 індетіне шалдығу жағдайы барынша төмендегенше іске асырылады.

Осы орайда, басқа өңірлерге балаларын демалысқа апаруды жоспарлап отырған ата-аналарға ескерту жасалып отыр.

Бұл тұрғыда Нұр-Сұлтан қаласының карантиндік аумағынан шығып, жазғы демалысқа баратын студенттерге де қатысты болып отыр. Олар карантин аяқталғанша елордаға қайта кіре алмайтынын ескеруі тиіс.

Тиісті қаулыға сәйкес, қаладан шығатын және шаһарға кіретін кезде станитарлық-карантиндік бақылауды қамтамасыз ету мақсатында блокпосттар қызметін жалғастыруда. Бұл шаралар коронавирус инфекциясының таралауына жол бермеу аясында жүргізілуде.

Сонымен қатар, Ақмола облысының Целиноград, Аршалы, Шортанды аудандарының тұрғындары үшін Нұр-Сұлтан қаласы аумағынан шығу немесе кіру талаптары келісілді. Олар тиісті анықтаманы ұсыну арқылы блокпосттардан өте алады.

Егер адамдар медициналық жағдай бойынша карантин аумағына кірсе, онда оның жанында екіден артық адам болмауы керек. Бұл тұрғыда тиісті құжаттар ұсынылуы керек.

Егер де Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары қандай да бір себеппен қаланың карантиндік аумағынан тыс шығатын болса, онда шаһарға қайта оралған кезде олар үй карантиніне (14 күнге) енгізіледі. Бұл талап елордада жұмыс істейтін Ақмола облысының Целиноград, Аршалы, Шортанды аудандарының тұрғындарына қатысты болмайды.


Соңғы жаңалықтар