+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Бал өндіретін 10 кәсіпорын Сауд Арабиясының сенімді экспорттаушылар реестріне енгізілді

2021 жылғы 28 шілде 09:46
Бөлісіңіз:
Бал өндіретін 10 кәсіпорын Сауд Арабиясының сенімді экспорттаушылар реестріне енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бал өндіретін 10 кәсіпорын Сауд Арабиясының сенімді экспорттаушылар реестріне енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да бір ауыл құс тұмауына байланысты карантинге жабылды Маңғыстау облысының әкімдігі мал суаратын құдық қазуға субсидия бөлу мәселесін қарастыруда Ауыл шаруашылығы министрі Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені саласындағы 2975 кәсіпорын өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық Одақ, Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Жапония, Түркия және Сауд Арабиясы елдеріне еркін өткізеді.

Биыл бал өндіретін және өз өнімдерін Сауд Арабиясы Корольдігіне экспорттауға дайын қазақстандық 10 кәсіпорын аталмыш елдің тиісті реестріне енгізілді.

Жыл басынан бері мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге құқығы бар 4 кәсіпорын, сүт өнімдерін сыртқа шығаруға әзір 3 кәсіпорын, балық және балық өнімдерін сақтайтын, қайта өңдеп, өткізетін 1 кәсіпорын Қытайдың Бас кеден басқармасының тізіміне енгізілді.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркия тарапымен жүргізген жемісті жұмыстарының нәтижесінде осы елдің тізіміне теріні экспорттауға құқығы бар 4 кәсіпорын енгізілді.

«Министрліктің 2021 жылғы жоспарында осы нарықтарға шығаратын тауар түрлерін көбейтуді жалғастыру, сондай-ақ Еуропалық Одақтың, Түркияның, және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жаңа нарығын игеру көзделіп отыр»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT