Бақытжан Сағынтаев сербиялық кәсіпкерлерді Қазақстанға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербия кәсіпкерлері елордада әлеуметтік инфрақұрылымдар салу ісіне қатыса алады. Бұл туралы бүгін елордада өткен Қазақстан-Сербия бизнес форумында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Айтарлықтай экономикалық әлеуетке ие Сербия Қазақстанның Еуропадағы сенімді серіктесі саналады. Біз Сербияның басты халықаралық бастамаларымызда жан-жақты қолдауын жоғары бағалаймыз. Сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық нығайып келеді. Өткен жылы Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 59 пайызға өсті. Дегенмен, ақшаға шақсақ, бұл айтарлықтай көп емес. Сондықтан Президент мырзамен екіжақты келіссөздер барысында бизнестік қарым-қатынастарымызды барынша жоғары деңгейге көтеруге болатын түрлі бағыттарды талқыладық», - деді ҚР Премьер-Министрі.
null 

Осы ретте, Үкімет басшысы сербиялық кәсіпкерлерге Қазақстанда жүргізіліп жатқан бизнесті қолдау шараларын айтып берді. Оның атап өтуінше, соңғы 4 жылда елімізде салық және кедендік салада 52 реформа жасалып, салықтың жүктемелер оңтайландырылған.

«Бүгін Сербия Президентімен Қазақстандағы бірінші ірі бизнес жобаның, болашақ тұрғын үй кешенінің іргетасын қалау шарасына қатысу құрметіне ие болдым. Аталған жоба аясында әлеуметтік инфрақұрылым салу қажет.  Ол: аурухана, емхана, мектеп, балабақша. Президент мырза сіздің бизнесмендеріңіз қазірден-ақ бұл мәселені қарастыруларына болады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Премьер-Министр сербиялық кәсіпкерлер аталған тұрғын үй кешені аумағында мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында белгілі бір әлеуметтік нысан құрылысын жүргізе алатындығын айтты.

Айта кетейік, бизнес форумға елімізге ресми сапармен келген Сербия Президенті Александр Вучич та қатысып, қазақ бизнесмендерін өз еліне инвестиция құюға шақырған еді. 

Шара барысында екі елдің арасында 4 меморандумға қол қойылды.

 

Соңғы жаңалықтар