Бақытжан Сағынтаев денсаулығына байланысты демалысқа шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев денсаулығына байланысты демалысқа шықты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әріптестер, Бақытжан Әбдірұлы денсаулығына байланысты демалысқа шыққанына осымен үш күн болды. Таңертең Almaty Investment Forum 2021-ге қатыса алмады. Өйткені ол ем қабылдап жатыр. Оған ангина диагнозы қойылды, қызуы бар», - деді Әсет Мұқажанов.

Десекте, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Almaty Investment Forum 2021 аясында өткен «Жаңа Жібек жолы мегақалалары» телекөпірінің жұмысына онлайн форматта қатысты.

Шара барысында Бақытжан Сағынтаев өзінің денсаулығына алаңдаған адамдарға алғысын айтты.

«Мен де ет пен сүйектен жаралған адаммын. Менде созылмалы ангина (тамақ ауруы) бар. Бірнеше күннен бері ауырып, осы жағдайға тап болдым. Дәрігерлердің арқасында жақсымын. Оларға рахмет. Шараға түскі дейін қатыса алмадым. Бірақ түстен кейінгі панельдік сессияда мен сіздермен біргемін. Денсаулығыма алаңдағандарыңыз үшін рахмет. Мен желілерді қарадым, тезірек сауығып кетуімді тілеп жатыр. Жақын күндері жұмысқа кірісемін», - деді Бақытжан Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар