Бақытжан Сағынтаев Алматыны дамытудың стратегиялық бағыттары туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Growth Forum 2019 Almaty City: Vision 2025 форумында қаланы дамытудың стратегиялық бағыттары туралы әңгімеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев Алматыны дамытудың стратегиялық бағыттары туралы айтты. Шаһар басшысының айтуынша, Алматы - елдің басты қақпасы ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағының ғаламдық интеграциясының драйвері. Болашақта Жаңа Жібек жолының іскер және мәдени астанасына айналмақ. Сондықтан, Алматы ірі сауда-логистикалық хаб болуға лайық.

Бәсекеге түсу үшін біз жетекші қалалардың жоғары стандарттарына назар аударуымыз керек, Алматы заманауи сынақтарға жауап беріп, өршіл міндеттерді шешуі тиіс.

«Қаламыздың даму мақсаттары мен стандарттары оның ұстанымына - жаһандық интеграторға (аймақтық хаб), инновациялық дамудың драйверіне бағытталған. Кез келген заманауи мегаполис сияқты, Алматы да өмір сүру үшін жайлы, бизнесті дамытуға қолайлы, коммуникация үшін ыңғайлы болуы керек », - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.


Бақытжан Сағынтаевтың пайымдауынша, Almaty Regional Solutions - кәсіпорындар, нысандар, оқиғалар, қызметтер, қалалық имидж және микроклимат - бұл бүкіл Қазақстан мен Орта Азия үшін ұсыныстар мен шешімдер қабылдайтын орын. Бұл - өз өнімдерін бүкіл өңірге сататын алматылық өндірушілер. Бұл - Орталық Азияда жұмыс істейтін халықаралық компаниялар мен банктердің бас кеңселері.


Соңғы жаңалықтар