«Бақытты отбасы»: Таразда 300-ден астам адамның құжаты қабылданды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 319 адамның төлем қабілеті расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңға дейін Тараз қаласы бойынша аталмыш бағдарлама аясында 941 жолдама берілді. Оның ішінде 351 адамның құжаттары банкке қабылданған. Бұл туралы қала әкімі Қайрат Досаев жеткізді.

«Бүгінде 319 адамның төлем қабілеті расталды, 32 адамның құжаттары қаралуда. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап көпбалалы отбасыларғы жекешелендіру құқығынсыз 142 пәтер қала аумағынан сатып алыну үстінде және Тараз қаласы, «Қарасу» шағын ауданында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 180 пәтерлі төрт жатақхана соғылып, кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға заң аясында үлестіріледі»,-деді Қайрат Досаев.

Айта кетейік, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды қолдаудың «Бақытты отбасы» кешенді бағдарламасы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылуда. Онда 10 пайыз бастапқы жарна, 2 пайыз жылдық үстемақы, қайтару мерзімі 19 жылға қарастырылған. Бағдарлама шарттарына сәйкес, мемлекеттік қордан пәтер алу кезеі тізіміне «Толық емес отбасы», «Көпбалалы отбасы», «Мүгедек бала асыраушы отбасы» санаттары бойынша тіркелген азаматтар қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар