Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы 3 қарашада жалғасады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда Бақытбек Есентаевтың ісіне байланысты сот отырысы жалғасты. Жабық режимдегі бұл жолғы сот отырысында қос тарап жарыссөзге шықты.

Процеске Баян Мақсатқызы да келіп қатысты.

Соттың жабық режимде өтуіне байланысты Бақытбек  Есентаевқа мемлекеттік айыптаушы қандай жаза қолдануды сұрағаны жөнінде алқа билер шешім шығарғанша жария етілмейді.

Келесі сот отырысы бейсенбі күні 3 қарашада жалғасады. Оған дейін сотталушы соңғы сөзін айтуға, алқа билер шешім шығаруға дайындалуы үшін үзіліс жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытбек Есентаевтың соты 18 қазанда басталды. Алғашқы  тыңдалымға   қатысқан Баян Мақсатқызы өзінің бұрынғы күйеуін толықтай кешіріп,  бас бостандығынан айырмауды өтінген еді.

Бақытбек Есентаев зорлық-зомбылық, зорлау фактілерінен өзге адам өлтіруге оқталу бабы бойынша жауапқа тартылуда. Ең ауыр бап та осы. Қазіргі таңда заңгерлердің басым бөлігі зорлау, зорлық-зомбылық баптары бойынша іс қысқартылса да, адам өлтіруге оқталу бабы бойынша Бақытбек Есентаев жазаға тартылуы мүмкін деген пікірлерін  білдірген еді. Бірақ, бұл процестің бір ерекшелігі  сотқа  алқа билері қатысуда. Шешімді алқа билер қабылдайды.  

Соңғы жаңалықтар