Бақытбек Есентаев: Мен кінәлі емеспін

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бақытбек Есентаев сотта соңғы сөзін сөйледі. Ол өз сөзінде кінәлі емес екендігін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бақытбек Есентаев сотта сөйлеген соңғы сөзінде өзінің кінәлі емес екендігін жеткізді. Ол Баянды өлтіруге оқталмағандығы жөнінде айтты», - дейді Есентаевтың қорғаушысы. 

«Сот оның сөзін ескермеді. Керісінше оны адам өлтіруге оқталды деп таныды. Олай емес. Бақытбек тек дене жарақаттарын салды» дейді қорғаушы Бекболат Жексейітов. Қазір екі тараптың қорғаушылары «Бақытбек Есентаевқа тағылған айыппен келіспейміз» деп отыр. Енді олар аппеляциялық шағым түсірмек.

Бақытбек Есентаев зорлау, зорлық-зомбылық  баптары бойынша  ақталып шықты. Ал адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылып 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ, соңғы сот отырысына Бақытбек Есентаевтың қыздары да. Баян Мақсатқызы да келмеді.

Айта кету керек, Бақытбек Есентаевтың соты 18  қазанда басталды.  Іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, Баян Мақсатқызы биыл 10 маусымда бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Белгілі продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызын өзінің күйеуі өлтірмек болды деген күдікпен Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды.

Сондай-ақ қазіргі таңда танымал продюсер әлеуметтік желідегі парақшаларында атын Баян Мақсатқызы деп өзгерткен.

Соңғы жаңалықтар