Бақыт Сұлтанов үлескерлер проблемасы жайында: Оңай болмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылы елордадағы үлескерлер проблемасы толықтай шешіледі. Бұл туралы бүгін қала халқының алдында есеп беріп жатқан Астана әкімі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселе менің жеке бақылауымда. Біз ведомствоаралық комиссия аясында алданып қалған үлескерлермен тұрақты кездесу өткіземіз. Бұған дейін айтқанымдай, кей жерде қалағанымыздай жылдам болмаса да, бұл проблемаларды нақты шешіп жатырмыз», - деді қала басшысы.

Оның атап өтуінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде қалада проблемалы нысандардың саны 68-ден 29-ға дейін қысқарды. Нәтижесінде 10344 үлескердің проблемасы шешілді.

«Біз қалғандары бойынша Жол картасын әзірледік. Жоспарымыз - 2022 жылға дейін қалған проблеманы түбегейлі шешу, қала тарихындағы көңілге қаяу түсіретін парағын еңсеру. Бұл жерде оңай болмайтындығын түсіну қажет. Мемлекеттен қаражат бөлінді. Бірақ, бірден айтайын, бұл қайтарылатын қаражат. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Табысты сәттер көп, жұмыс та жеткілікті. Дегенмен, тағы да қайталап айтамын, үлескерлік құрылыс ерекше бақылауда тұр»,- деді Б.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар