Бақыт Сұлтанов Мәскеу үкіметінің министрімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Астана экономикалық форумы аясында Бақыт Сұлтанов Мәскеу үкіметінің министрі - Мәскеу сыртқы экономикалық және халықаралық қатынастар департаментінің басшысы Сергей Череминмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, Бақыт Сұлтанов жуырда Нұр-Сұлтан қаласының 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы таныстырылатынын мәлім етті. Осыған байланысты С. Черемин Мәскеудің қалалық мәселелерді шешудегі ең табысты жобаларын қолдануды ұсынды. «Жүйелі интеграцияланған жұмысты жалғастыру үшін күн тәртібін жаңартуды және 2019-2021 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағдарламасын әзірлеу маңызды», - деді Бақыт Сұлтанов.

Бұдан басқа, қала әкімі Мәскеу үкіметінен қазан айында Қазақстан астанасында өтетін Дүниежүзілік туристік ұйымының (ЮНВТО) VIII ғаламдық саммитін өткізуді қолдауын сұрады.

Соңғы жаңалықтар