Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы Корея елшісімен екі елдің сауда-саттық мәселесін талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэ Сикпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ведомство басшысы Facebook-тегі ресми парақшасында жазды.

«Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэ Сикпен кездестім. Кездесу СИМ-де өтті. Корея біз үшін маңызды стратегиялық әріптес болып табылады. Біздің екіжақты ынтымақтастығымыздың арсеналында Нұр-Сұлтандағы Hyosung (трансформаторлар өндірісі) және Павлодарда Posco (болат құю өндірісі) сияқты маңызды мысалдар бар» деп жазды министр.

Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов екі елдің өзара қарым-қатынасын кемшіліксіз емесін тілге тиек етті. Мысалы, сауда балансы теріс болуда. Одан бөлек, екі елдің сауда қарым-қатынастары өте серпінді дамып келе жатқанын және соңғы уақытта сауда айналымы 2 есеге жуық өскенін мысал етті.

«Қазақстанда өндірілген тауарлардың Корей нарығындағы әлеуеті байқалуда. Біз құнды құрудың жаһандық тізбекшесіне ендіре алатын өнімді талдау бойынша белсенді жұмыс істейміз. Бүгін әңгімелесу барысында кәсіпорындар бір-бірін табуға көмектесу үшін негізгі сәттерде шоғырлана алатын атап өттім.


Біздің мақсатымыз - нақты нәтижелер шығару. Сондықтан бүгінгі таңда нақты байланыстар мен әріптестік қатынастарды іздеу маңызды болып табылады. Корея үшін біз ұлттық өндірісті әртараптандыруды және өндірістік тізбекшелерді құруды ескере отырып, жасалған 50 атаудан тұратын тауарлар тізімін әзірледік. Бұл жұмыс автомобиль құрастыруда бұрыннан бері жүргізіліп жатыр. Елші мырза біздің тізімде сауда қатынастарына драйв бере алатын тауарлар бар деп санайды» деп жазды ол.


Бақыт Сұлтанов наурыз айында сауда министрлігінің өкілдері сауда қатынастарын әртараптандыру және дамыту бойынша үздік шешімдер табу міндетімен Кореяға баратынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, QazTrade пен Корей даму институттарымен кедергілерді жою, логистикалық шығындарды алып тастау және жаңа дәліздерді қарастыру бойынша ынтымақтастық нұсқалары талқылағанын, ҚР Корея үшін Таяу Шығыс пен Еуропаға одан әрі экспансия жасау үшін хаб болуы мүмкін екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар