Бақыт Мелдешов ОСК мүшесі лауазымынан босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бақыт Мелдешов Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық сайлау комисиясының мүшесін мерзімі өтуіне байланысты лауазымнан босату ұсынысын қолдау және 2020 жылғы12 наурыздағы отырысқа шығару туралы шешім қабылданды. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқыққорғау органдары жөніндегі комитет Қазақстан Парламентінің Сенатына Мелдешев Бақыт Сәрсенбайұлын орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатуды ұсыну туралы шешімге келді», - деді Сенат депутаты Владимир Волков Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында.

Сенатор өз сөзінде әріптестері атынан Бақыт Мелдешовке алғысын білдірді.

«Біздің бәріміз Бақыт Сәрсенбайұлын жақсы білеміз. Ортамыздан сайланып, отырыстарға қатысып, өте ауқымды жұмыс атқарды. Орталық сайлау комиссиясында 20 жыл бойы еңбек етті. Оның ішінде 10 жылын ОСК хатшысы ретінде өткізді. Бақыт Сәрсенбайұлы 1987 жылы Қазақ ССР Жоғарғы кеңесіне келіп, содан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істеп келеді. Бақыт Сәрсенбайұлы еңбегіңіз үшін ерекше алғыс айта отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ісіңізге сәттілік тілейміз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар