21:09, 21 Желтоқсан 2019 | GMT +6
Бакуге ресейлік авиакомпанияның ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан астанасы ресейлік Azur Air әуе компаниясының жолаушы ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды. Лайнер Мәскеу қаласынан Гоаға ұшып бара жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend-ке сілтеме жасап.
«Ресейлік Azur Air авиакомпаниясының ұшағы Гоа-Мәскеу бағытында ұшқан, техникалық себепке байланысты әуежайға қонуға рұқсат сұрады. Лайнер Баку уақытымен сағат 11:05-те сәтті жерге қонды. Барлық жолаушы Гейдар Әлиев халықаралық әуежайына орналастырылды», - делінген Гейдар Әлиев халықаралық әуежайының таратқан хабарламасында.