+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Бакудегі дін лидерлері саммитіне қазақстандық делегация қатысуда

2019 жылғы 15 қараша 18:42
Бөлісіңіз:
Бакудегі дін лидерлері саммитіне қазақстандық делегация қатысуда

БАКУ.ҚазАқпарат – Әзербайжанда әлемдік дін лидерлердің II-ші Баку саммиті өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Екінші «Пәтуалар жинағы» кітабы жарық көрді Талдықорғандағы «114» желісіне жарты жылда 6 мың қоңырау шалынған Абаев: Садақаға арналған терминалдар ҚМДБ-ның ашықтыққа ұмтылып отырғанын дәлелдейді

Аталған шараға Қазақстан тарапынан арнайы келген делегация қатысуда.

«Бүгінгі таңда әлем елдерінде өткізіліп жатқан дінаралық татулық пен өзара келісім бастамалары, елордамызда бастау алған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жалғасы іспетті деп те айтуға болады. Қазақстанның бұл бағытта тәжірибесі көп», - деді жиынға қатысқан Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз.


Бас мүфтидің пікірінше, діннің атын жамылып, түрлі теріс мақсаттарды жүзеге асырушылардан әлем халқының көпшілігі зардап шегіп отыр. Оның нақты айғағы – Таяу Шығыс және әлемнің басқа да жерлерінде болып жатқан қақтығыстар мен соғыстар.

«Конференцияда әлемде болып жатқан соңғы оқиғалар, Таяу Шығыс елдері мен Сириядағы қақтығыс және оның дінге қатыстылығы жан-жақты талқыланып жатыр. Дінді жамылып теріс әрекеттерге бару жағдайлары баса айтылуда. Бірақ әрі қарай не істеу керек, оны қалай тиісті шаралар қабылдау керек дегенге саятын нақты шешімдер айтылмай жатыр», - деді қазақстан делегациясының мүшесі Әбсаттар қажы Дербісәлі.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Дін, Әзербайжан,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT