Бакуде Түркі кеңесі елдері студенттері арасында Бірінші жарыс өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакуде Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі (Түркі кеңесі) қатысушы-елдерінің жоғары оқу орындары студенттері арасындағы Бірінші спорт жарысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бәсекеге қатысқан Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия елдерінің 400-ден астам спортшысы Бакудегі Шахидтер аллеясына барып, гүл шоқтарын қойды.

«Білім ордалары арасындағы спорттық жарыстарды ұйымдастырудың мақсаты - тарихы, өркениеті мен мәдени мұрасы бір елдердің жастарын жақындастыру», деді Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман журналистерге.

Бас хатшы 2015 жылы Астанада Түркі кеңесі қатысушы-елдері басшыларының саммиті өткенін және онда жастардың бос уақыты мен спорт саласындағы ынтымақтастықты жандандыру туралы шешім қабылданғанын еске салды. 

Оның айтуынша, екі жылдан кейін Қазақстанда кезекті жарыстар өтеді.

«Уақыт өте келе жарыстарға Түрікменстан мен Өзбекстан қосылады деп үміттенеміз. Бұл жарыстарды аталған елдердің халықтарын жақындастыратын арнайы жоба деп бағалаймыз», - деп атап өтті Коджаман.

Жарыстар жеті санат бойынша өтті. 

Соңғы жаңалықтар