Бакуде халықаралық заманауи өнер фестивалі өтеді

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан астанасы Баку қаласында Әзербайжандағы Латвия Елшілігінің қолдауымен Халықаралық заманауи өнер фестивалі өтеді. «Қыз мұнарасы. Әйел болу – әйелдер әлем үшін» тақырыбымен өтетін фестиваль 16-24 қараша аралығында Еуропалық Одақ өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

АЗЕРТАДЖ хабарлауынша, биылғы фестиваль БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325-ші «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» резолюциясына арналады. Ұйымдастырушылар фестивальдің негізгі тақырыбы түрлі шешім қабылдауда әйелдердің рөлінің әділетті болуы дейді.

Іс-шараға халықаралық сарапшылар жиналады. Көрме пандемия кезінде үйдегі күш-көрсетудің алдын алу мен пандемия мен әскери жанжалдардың әйел өміріне әсерін заманауи өнер арқылы көрсетеді.

Жоба бағарламасында бірнеше көрме, концерт, конференция, тұсаукесер мен фильмдердің көрсетілімі бар. Мұның бәрі әлеуметтік ықпалдастықты күшейтуге және насихаттауға бағытталған.


Соңғы жаңалықтар