Бакуде Әзербайжан-Қазақстан жастар форумы өтіп жатыр

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Бакуде Әзербайжан-Қазақстан жастар форумы ашылды, деп хабарлайды Әзербайжандағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Форумның панельдік отырыстары барысында Әзербайжан мен Қазақстан арасында жастар саясаты саласындағы тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты дамыту және перспективалары, сәтті жобаларды (стартаптар, жастар кәсіпкерлігі және т.б.) көрсету жоспарланып отыр.

Іс-шараның ашылу рәсімінде Қазақстан делегациясының басшысы, ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбеков биыл наурыз айында Қазақстан Президентінің жастардың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған бес әлеуметтік бастаманы жариялағанын атап өтті.

«Жастар саясатын одан әрі іске асырудың басым бағыттары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында белгіленген», - деді вице-министр.

«Тарихи тұрғыда Қазақстан мен Әзербайжан көшбасшыларының арқасында ынтымақтастықтың негізі қаланды. Біз барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытудамыз, бұл жастар саясатына ықпал етіп жатыр. Бүгінде біз бірқатар жобаларды жүзеге асырдық», - деді Әзербайжан жастар және спорт министрінің орынбасары Интигам Бабаев.

Ол сондай-ақ, бұл екі елдің жастар саясаты таныстырылатын алғашқы форум екенін атап өтті.

«Біз ҚР Қоғамдық даму министрлігіндегі әріптестерімізге іс-шаралар жоспарының жобасын жібердік. Таяу уақытта барлық процедуралар орындалып, екі жылға арналған бағдарламаны жүзеге асыру жоспарына қол қоямыз», - деді И.Бабаев.

Соңғы жаңалықтар