БАҚ-та жарияланған мәліметтерді теріске шығаруды талап ету мерзімін 1 жылмен шектеу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өтіп жатқан бұқаралық медианы заңнамалық реттеу туралы конференцияда БАҚ-та жарияланған мәліметтерді теріске шығаруды талап ету мерзімін 1 жылмен шектеу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Журналистердің мүддесін қорғау үшін БАҚ-та жарияланған мәліметтерді теріске шығаруды талап ету тәртібін заңнамалық түрде жақсартуды жоспарлап отырмыз. Халықаралық практика бойынша, соның ішінде БҰҰ стандарты бойынша, мәліметтерді теріске шығару туралы талап қоюдың ескіру мерзімін бір жыл етіп белгілеу ұсынылады. Бұл масс-медианы заңсыз талаптардан қорғауға мүмкіндік береді. Өйткені қазір бұл талаптың мерзімі шектелмеген. Әр елдерде бұл мерзім 1 жыллан 3 жылға дейін белгіленген. Біз соның ішінде 1 жыл мерзімді қалдыруды ұсынамыз. Қарағандыда бірнеше жыл өткен соң талап ету практикасы болғанын есімізде», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Кемелбек Ойшыбаев.

Аталмыш шарада, вице-министр соттан басқа органдар журналистен дереккөзді ашуды талап ете алмауы керектігін айтты.

«Сондай-ақ, ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету шараларын заңнамалық деңгейде бектіуді ұсынамыз. Атап айтқанда, журналист алған ақпаратты құпия сақтау шартымен журналистің жарияламау құқығын қарастыру ұсынылады. Құпия көз тек соттың талабы бойынша ашылатынын көздеу қажет деп есептейміз. Басқа жағдайда ешқандай орган дереккөзді ашуды журналистен талап ете алмауы керек. Бұл елімізде журналистік зерттеулердің сапасын арттырып, осы бағытты дамытады деп ойлаймын», -деді ведомство өкілі.


Соңғы жаңалықтар