БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттары табысталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды, деп хабарлайды Ақорда.

Салтанатты шара барысында Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева Президент сыйлығы мен грантының иегерлерін, Алғысын алған шығармашылық ұжымдарды құттықтады.
Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы «Qazaq radiosy» радиостанциясының бас редакторы Дулат Абибуллаевқа, «31 арна» телерадиокомпаниясының тілшісі Ерқанат Көпжасарұлына, «Индустриальная Караганда» газетінің бас редакторы Оксана Мягкихке және «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджановқа берілді.


Президент гранттарын «Жетісу» телеарнасының редакторы Сәния Байтарова, «Almaty» телерадиокомпаниясының арнайы техника операторы Диаскен Байтибаев, «Хабар 24» телеарнасының жүргізушісі Әнуарбек Бірімжанов, «Baigenews.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Жадыра Жолмұхаметова иеленді.


Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы «Adyrna» ұлттық порталының, «Ashyq alań» қоғамдық-саяси ток-шоуының, «Astana» радиосының, «Вечерняя Астана» қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымдарына табысталды.


Соңғы жаңалықтар