Бағдат Мусин: Ұялы интернет пен қоңырау шалу тарифтері теңестірілмейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин салаға қатысты тарайтын танымал фейктерге түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін жаздың соңғы күні. Баршаңызға жақсы күн тілегім келеді және желіде таратылатын жалған ақпаратқа көңіл аудармауға кеңес бергім келеді. Жұмысқа келе жатып осындай «жаңалықтардың» шағын тізімін жасадым», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуына қарағанда әлеуметтік желіні бұғаттай ведомствоның күн тәртібінде тұрған жоқ.

«Әлеуметтік желілерді бұғаттау Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жоспарында жоқ және болмайды да. Мұны біз былтыр да тақылаған болатынбыз. Бірақ біреулер сол әңгімені биыл тағы көтеріпті», - деді министр.

Сондай-ақ, ол ұялы байланыс арқылы берілетін интернеттің тарифтің өсетіні туралы қауесетке де жауап берді.

«Интернет трафигінің тарифтері қоңырау шалу тарифімен теңестірілмейді. Министрлік WhatsApp-тағы қоңыраулар мен хабарламалар үшін ақы алып жүрген жоқ және олай болмайды.

Өз серверлерін Қазақстанға көшірген домендер әрқашан әріптестерінен кеңес алып, көмектеріне жүгініп, байланыста бола алады. Біздің міндетіміз – ел аумағында дербес деректердің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстанда ешкім ештеңені бір-ақ сәтте өшіріп тастайын деп жатқан жоқ», - деп түйіндеді Бағдат Мусин.


Соңғы жаңалықтар