+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Бағдат Мусин Ұлттық кеңес мүшелерімен кездесті

2020 жылғы 14 қараша 17:00
Бөлісіңіз:
Бағдат Мусин Ұлттық кеңес мүшелерімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 қарашада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Ұлттық кеңесі мүшелерінің онлайн кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында Бағдат Мусин министрлік жұмысының негізгі бағыттары жөнінде және алдағы уақытта іске асыратын жобалары бойынша ақпаратпен бөлісті.

Атап айтқанда, министр мемлекеттік электрондық порталдарды жетілдіру, онлайн форматта мемлекеттік қызметтерді пайдалану үдерістерін оңайлату бойынша жүргізіліп жатқан және жоспарланған жұмыстар жөнінде айтып өтті. Оған қоса, халық тығыз орналасқан және шалғайда жатқан елді мекендерді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету, байланыс сапасы бойынша операторларға қатысты талаптарды жетілдіру, отандық IT-қызметінің экспортын ұлғайту, сонымен бірге, біріктірілген ақпараттық базаларды қолдануды дамыту және дербес деректерді қорғау бойынша сұрақтарға тоқталды.
Өз кезегінде Ұлттық кеңес мүшелері министрге ауылдық елді мекендерді интернетпен қамту, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың egov порталын және басқа мемлекеттік органдардың сайттарын пайдалану мүмкіндіктерін жақсарту, әртүрлі бағыттағы ақпарат базаларын біріктіру бойынша сұрақтар қойды.

Сондай-ақ, Ұлттық кеңес мүшелері аэроғарыш өнеркәсібін дамыту, IT-мамандарды даярлауды жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT