+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Бағдат Мусин Шымкент қаласын цифрландыру барысымен танысты

2021 жылғы 5 наурыз 22:41
Бөлісіңіз:
Бағдат Мусин Шымкент қаласын цифрландыру барысымен танысты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Шымкент қаласында жүр. Ведомство басшысы қаланы цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жеке деректердің тарауына әлеуметтік желідегі бейқамдық себеп болды Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстерге енді цифрлық құжатты пайдалануға болады

Жұмыс сапары барысында Бағдат Мусин қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, Шымкенттің цифрлық даму саласындағы ағымдағы жай-күйі мен алдағы жылға арналған жоспарларды талқылады.

Министрлік басшысы Көкбұлақ тұрғын алабында болып, тұрғындармен кездесіп, байланыс қызметінің сапасын тексерді.

Бүгінгі таңда Көкбұлақта WCDMA және LTE технологияларын пайдаланатын ұялы байланыс операторларының базалық станцияларына арнайы антенналар орнатылған.

Жұмыс сапары барысында қоғамдық қалалық көлікте Министрге электрондық билеттеу жүйесі таныстырылды. Сонымен қатар, Бағдат Мусин жеке компания мен қала әкімдігінің бірлескен «Самокат Шэринг» жобасымен танысты.

Министр Silkway Халықаралық университетіне барып, онда Бағдат Мусинге «SMART Hub SILKWAY» IT-орталығының «Ақылды жаяу жүргінші», 3D модельдеу, «Digital Shymkent», «Ақылды Қүнбағыс» және AntiCOVID жобалары таныстырылды. Сондай-ақ, өңірлік IT-орталықтың Astana Hub халықаралық технопаркімен ынтымақтастығы талқыланды.

«Әрбір өңірде IT-мамандардың дамуы маңызды. Түркістан облысы мен Шымкент қаласында IT-мамандардың саны аз, бірақ талпыныс бар.

Сол себепті, біздің тараптан, өңірлерде IT-мектептер ашатын боламыз», – деп атап өтті Бағдат Мусин.

Бұдан басқа, Министр Шымкент мұнай өңдеу зауытында және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT