Бағдат Мусин интернет жоқ ауылдағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернеті жоқ ауылдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кейбір желілерде интернеті жоқ ауылдар мен ондағы балалардың шатырға шығып оқитыны туралы хабар тарады. Иә, интернет мәселесін бір күнде шешіп бере алмайтынымызды түсінеміз. Бұл оқиға Ескене ауылында болған. Ондағы тұрғындар саны өте аз. Сол ауылдан қашықтан оқытуға қосылғысы келген оқушы шын мәнінде жақын маңдағы интернатта оқуы тиіс еді. Ол интернетта қашықтан оқыту жоқ, барлық бала күндізгі режимде оқып жатыр, ал бірнеше бала одан бас тартқан. Бұл ауылда 20 үй ғана орналасқан және өте алыс. Әйтеуір ауыл жанындағы теміржол станциясынан интернет тартып жатырмыз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, министр тұрғындарға интернет сигналының сапасын тексеретін «Байланыс бар» веб-сайтын пайдалануды ұсынды.



Соңғы жаңалықтар