Бағдат Мусин ХҚО қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күн сайын маған азаматтардан түрлі тақырыпта жүздеген жеке хабарлама келеді. Оның ішінде ұсыныстар мен идеялар, базалардағы ақаулар немесе интернетке қатысты шағымдар, сондай-ақ біздің қызметкерлердің өтінімдері де бар. Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкімет» жұмысшыларынан жалақыға қатысты біраз өтініштер кеп түсті. ХҚКО қызметкерлеріне артылған жүктеме өте үлкен. Біздің фронт-офистер – мемлекеттің бейнесі, себебі ХҚКО қызметкері – мемлекеттік қызметтерді оффлайн алудың жалғыз көзі», - деп жазды министр Instagram-да.

Осы ретте Бағдат Мусин өткен демалыста «Азаматтарға арналған үкімет» басшылығымен осы жайтты талқылағанын атап өтеді.

«Әділ Қожықовқа барлық аймақтан жұмысшыларды тарта отырып, жалақыны арттыру бойынша жоспар құруды және жалпы еңбекақы мен сыйақы жүйесін қайта қарауды тапсырдым. Еңбекақының жаңа жүйесін облыстағы ұжымдармен біріге отырып жасау маңызды! 5 жылдан бері жалақысы түк өзгермеген қызметкерлер категориясы да бар. Осы мәселені жылдам жөндеу қажет. Алдағы наурызда жұмысшылар мен олардың отбасылары оң өзгерістерді сезінуі тиіс», -деді ол.


Соңғы жаңалықтар