+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Бағдат Мусин: Ауылда сапалы байланыс болмайынша операторларға айыппұл сала береміз

2021 жылғы 5 наурыз 12:52
Бөлісіңіз:
Бағдат Мусин: Ауылда сапалы байланыс болмайынша операторларға айыппұл сала береміз

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында суға кеткендердің  тең жартысынан астамы - балалар Түркістан облысында шаруалар ағын судан тарығып отыр Бауыржан Байтанаев: Түркістанның тарихы Күлтөбеден басталады

Ведомство басшысы өңірді цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Министр Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы технологиялық сүт-тауар фермасына (СТФ) барды. СТФ жетекші еуропалық өндірушілердің озық технологияларымен жабдықталған. Бағдат Мусинге сиыр саууға арналған автоматтандырылған роботтарды, сиырларды тазарту жүйесін, сиырлардың жай-күйін диагностикалауды және т.б. қамтитын ауыл шаруашылығының технологиялық үдерістерін автоматтандыру жобасы таныстырылды.

Ведомство басшысы ауылдық елді мекендерді интернетке мобильді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі «250+» жобасына енген Ордабасы ауданының Жусансай және Аққойлы ауылдарын аралады. Бұған дейін бұл ауылдардың тұрғындары Интернеттің сапасына шағымданған болатын.

Екі ауылда да байланыс сапасының төмендігін көрсеткен өлшеулер жүргізілді. Сол жерде хаттама толтырылды. Операторлар, өз кезегінде, осы жылдың маусымына дейін мәселені шешуге уәде берді.

«Біз реттеуші ретінде операторларға ауыл тұрғындары қанағаттанатын сапалы байланыс ұсынылғанға дейін айыппұлдарды сала береміз», – деп атап өтті Бағдат Мусин Жусансай ауылының тұрғындарымен кездесуде.

ҚР ЦДИАӨМ бұйрық жобасын әзірленін, оған сәйкес байланыс сапасының көрсеткіштері (3G үшін 1 МБит/с, 4G үшін 5 МБит/с) анықталғанын атап өту қажет.

Өңірге сапары аясында Министр «Turkistan 109» бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың айтуынша, ресми ашылудан бастап (2020 жылғы 20 қараша) қаланың тыныс-тіршілігінің түрлі салаларында: сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, қоғамдық көлік, білім беру және т.б. 12 мыңнан астам өтініш қабылданған.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Кентау трансформатор зауытында болып, өндірісті автоматтандырумен танысты. Бұған дейін зауыт ҚР ЦДИАӨМ қуатты трансформаторларды дайындау бойынша технологиялық процесті роботтандыруға инновациялық грант алды.

Бұдан басқа, Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыстық филиалының жұмысына баға беріп, мемлекеттік корпорация ұжымымен кездесті.

Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндамасына сәйкес ел бойынша 115 Халыққа қызмет көрсету орталығын жаңғырту және Мемлекеттік корпорацияның кадр резерві арқылы кадрлық әлеуетін арттыру жоспарлары туралы айтылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT