Бағаланбай қалған батырлар: Ыбырайым СҮЛЕЙМЕНОВ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіс күні қарсаңында «ҚазАқпарат» ХАА есімі ұмыт қалған Кеңес Одағының Батырлары туралы материалдар жариялайды. Материалдарды жариялауға «Бағаланбай қалған батырлар» жинағының авторы Берік Әбдіғалиұлы көмек көрсетті.

Берік Әбдіғалиұлының атап өтуінше, бұл жинақта сөз қозғалатын батырлардың есімі жалпақ жұртқа мәлім емес. Олардың атымен аталған көше немесе мектептер жоқ. Қан майданда ерлік көрсеткенін жанындағы жолдастары көрсе де, штаб және партия басшылығы оларды мойындамаған. Біздің міндетіміз - тарихи шындыққа жету үшін олар жайында келешек ұрпаққа әңгімелеп беру.

Ыбырайым СҮЛЕЙМЕНОВ - атақты мерген. 1911 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданында дүниеге келген. 1941 жылы әскерге шақырылып, мергендікке баулынады. 1943 жылы Невель қаласы үшін болған шайқаста жүзге жуық фашистің көзін жойып, өзі де ерлікпен қаза табады.

Мәншүк Мәметовамен бірге Кеңес одағының батыры атағына ұсынылған. Бірақ жоғары басшылық Мәншүкке батыр атағын, ал Ы. Сүлейменовке Ленин орденін беру туралы шешім шығарған. 

Соңғы жаңалықтар